ТУҒАН ӨЛКЕМЕН ТАНЫС
Талсуат ауылындағы облыстық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балаларға Қызылорданың көрікті жерлерін аралау үшін саяхат ұйымдастырылды.
Саяхатты Қызылорда облысы Азаматтық Альянс бірлестігінің қолдауымен «Мейірім-Үміт» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Азаматтық Альянс бірлестігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаларға экскурсияны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Социум» жобасы аясында өткізді.
«Мейірім-Үміт» қоғамдық қорының жетекшісі Ақтоты Сариевның айтуынша, саяхатқа балалар орталығының 6 мен 18 жас аралалығындағы 23 тәрбиеленушісі қатысты. Балаларды ата-аналары және ұстаздары ертіп жүрді. Балалар ескі «Айтбай» мешітінде, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Тұңғыш Президент демалыс орнында, сонымен қатар мемлекеттік рәміздер алаңында болды.
Азаматтық Альянс бірлестігінің баспасөз қызметі