ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару парақтарының орындалуы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, Қызылорда облыстық прокуратурасының аға көмекшісі А.Кемалов, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілі Т.Космуратов, ЗК 169/5 мекемесінің өкілі Ә.Бесбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Дөнгелек үстел барысында бас маман А.Күнтуғанова баяндама жасады. Ол статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаралған істер бойынша атқару парақтары орындалмай тұрған істерді атап өтіп, сот істері мұрағатқа өтпей тұрғандығын айтты.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.
Сот төрағасы С.Сүлеймен дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, бірлесіп жұмыс жасауға, Әділет Департаментінің өкіліне атқару құжаттары жоғалған өндірістер бойынша қалпына келтіру жөнінде хат жолдап, сотпен салыстырмалы актілер жүргізуді тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі