ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІР-САЙЫС ӨТТІ
"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтында "Қылмыстың алдын алу - ел мүддесі" тақырыбында қалалық пікір-сайыс турнирі өтті. Бұл туралы «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» ЖҚБ жоба үйлестірушісі Сабыржан Кеңшілік хабарлады.
Пікір-сайысқа студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған 19 фракция қатысты. Шара барысында травматикалық қару ұстау, құқықтық сауаттылық, сөз бостандығын, жемқорлықпен күрес, қылмыстық "кешегісі" бар жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту тақырыптары талқыға салынды.
Аталмыш доданың нәтижесі бойынша «Үздік спикер» номинациясын Ақнұр Шамшадинқызы, ал «Үздік төреші» номинациясын «Ой дария» пікір-сайыс клубының мүшесі Айман Абдулла болды. Жүлделі ІІІ-ші орынға №10 мектеп-лицейінің "Ақиқат ұшқыны" пікір-сайыс клубының мүшелері Ержас Тұрсынбай пен Азат Қарекеев, ІІ-ші орынды №173 орта мектептің «Батыр ұрпақтары» пікір-сайыс клубының мүшелері Азамат Өмірбек пен Бауыржан Ыдырыс иеленсе, турнирдің бас жүлдесін М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Шаңырақ» пікір-сайыс клубының мүшелері Ақнұр Шамшадинқызы мен Бота Қалданбекова қанжығасына байлады.