ТОҒЫЗ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Шарада БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі судья Н.Еламанов қатысушыларға 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 2925 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 2511 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.
Баспасөз конференциясы барысында судья Н.Еламанов бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі ұлт жоспары субъектілердің азаматтық-құқықтық қорғалуы, заңдылықтар мен құқықтық тәртіптің нығаюы үшін жағдай туғызуда, оның заңды ұлықтауды қамтамасыз ету бойынша екінші институционалдық реформаға жете тоқталғанын атап кетті.
«Сот кабинеті» арқылы электронды арыздар мен азаматтық істердің және басқа да құжаттардың сотқа түсуі, сот төрелігі сапасын арттыруда дыбыс,бейне –жазба қондырғысының барлық істерде қолдану сапасы туралы айтылды. Сонымен қатар, азаматтық істер бойынша жаңа процестік заңдылықтар ретінде татуластыру рәсімдерінің, атап айтқанда партисипативтік және сот медиациясының сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы, сондай-ақ барлық аудандық жерлерде медиация кабинеттері ашылғандығын айтты.
Сонымен қатар, судья Н.Еламанов 2016 жылы судьялардың кезектен тыс VII съезі өтетіндігін, съезде судьялардың әдеп қағидалары мен іс-әрекеттері ережелерінің жаңа кодексінің қабылданатынын айтып өтті.
Сөз соңында, судья Н.Еламанов қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Қызылорда облысының мамандандырылған
Ауданаралық экономикалық
сотының баспасөз қызметі