ҚАН ТАПСЫР, ҮМІТ СЫЙЛА!
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 түзеу мекемесі ұжымы осы аптада да сауапты іс жасады. Нақтылағанда, түзеу мекемесінің бастығы, әділет майоры Тасболат Қалымбетовтың басшылығымен «Қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла» атты үндеуімен 20-ға жуық мекеме қызметкерлері Қызылорда облыстық қан тапсыру орталығына барып, ақысыз қан тапсыру қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Науқасқа қажетті қанды дер кезінде құю адам тағдырына өз әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда қан тапсырып, донор болған жандар әрекеті құрметке лайық. ЗК-169/5 түзету мекемесі қызметкерлері тапсырған қан зертханалық сараптамадан өткен соң, аталған мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан науқас, қанға мұқтаж болып отырған Бабыр Шакаримовке құйылмақ.
Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіріп, қолдарынан келгенше қол ұшын созу - әрбір дені сау адамның азаматтық парызы. Сондықтан, мекеме бастығы әділет майоры Т.Қалымбетов мұндай игі шара жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналатындығына сенім білдіріп, науқас сотталған Б.Шакаримовтың сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
А.БАКИРОВА,
ЗК-169/5 түзету мекемесінің мемлекеттік тілде іс жүргізуші