ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫН ОҚЫТУ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам арасында қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі еңбекті қорғау, қаза табу, жарақаттанудың алдын алу мен өндірістік қауіпсіздік техникасы мәселесі тақырыбында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының мемлекеттік инспекторы Әйтімов Әбдімәліктің қатысуымен жуырда семинар-сабақ өткізілді.
Семинар-сабақтың негізгі мақсаты жеке құрам мен штаттан тыс қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жолда жүру ережелерін сақтау, еңбекті қорғау, қаза табу, жарақаттанудың алдын алу мен өндірістік қауіпсіздік техникасы шараларын қатаң сақтау және 2015 жылдың 23 қарашасындағы ҚР «Еңбек кодексі туралы» № 414-V Заңы» аясында жеткілікті білімді қалыптастыру болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады.
Семинар-сабақ барысында заман талабына сай еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі саласы бойынша азаматтардың құқықтарының сақталуын заң аясында реттеуді жандандыру бойынша қызметкерлердің сұрақтары талқыланды.
Қызылорда облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімі