ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясында сот төрағасы С.Сүлеймен сотта қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 9 айында 40 адамға қатысты 23 қылмыстық іс түсіп, 10 адамға қатысты 2 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2015 жылдың 9 айында – 20 адамға қатысты 16 қылмыстық іс түсіп, 6 адамға қатысты 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған).
Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 7 іс/20 адамға көбейгені байқалады.
Соттың өндірісіне түскен істердің санаттарына тоқтала өтсек:
- ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) – 15 іс, (2015 ж. 9 айы – 7 іс);
- ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі (көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау) – 2 іс (2015 ж. 9 айы –3 іс);
- ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен (нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану) – 2 іс (2015 ж. 9 айы – 2);
- ҚК-нің 192 бабының 4-бөлігі (қарақшылық) – 2 іс (2015 ж. 9 айы – 0);
- ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі заттарға байланысты қылмыстар) - 2 іс (2015 ж.9 айы - 4 іс).
Осы мерзімде 22 іс 46 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2015 ж. 9 айы– 17 іс 21 адамға).
Яғни, өткен жылдың тектес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 9 айында қаралған істердің көрсеткіші 5 іске көбейген.
Көрсетілген мерзім ішінде 46 адам сотталды (2015 ж. 9 айы - 21 адам). Сотталған 46 адамның 40-на бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (87 пайыз), 5 адамға бас бостандығынан шектеу жаза қолданылды. 1 адамға қатысты ҚК-нің 63 бабы қолданып, шартты түрде сотталды.
22 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 6 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды, 3 сотталушыға нашақорлықтан медициналық сипаттағы еріксіз емдеу белгіленді. 3 сотталушы педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды, 2 адам арнаулы атағынан айырылды.
2016 жылдың 9 айында алқабилердің қатысуымен 3 адамға қатысты 1 іс қаралып, айыптау үкімі қабылданды. Бұл іс бойынша бір сотталушы ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен (адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамды өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді, қасындағы екі сотталушы ҚК-нің 434 бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, біреуі – 4 жылға, екіншісі – 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қоңдырғысын пайдаланып қаралған.
Сонымен қатар, осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан; адам өлтіру; зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі