70 ПАЙЫЗ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 75 пайызға жету керек. Бұл тапсырманы қылмыстық атқару жүйесі 2018 жылға дейін орындауы тиіс.
Осы ретте Қызылордада түзету мекемелеріне кәсіпкерлерді көптеп тартудың арқасында еңбекке ұмтылушылар саны күн санап артып отыр, «24 хабар».
Мәселен, облыс орталығындағы ЗК-169/4 мекемесіндегі 150-ге жуық сотталушының көбі кірпіш зауытында тер төгіп, күніне 15 мың дана кесек құяды. Маңғыстаулық Серік Жалғасбаев балаларына алимент төлемегені үшін 10 айға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеуді бастаған 3 жарым айдан бері кірпіш құюға кірісіп, мойнындағы қарызынан құтылып келеді.
Серік Жалғасбаев, жазасын өтеуші:
- Уақытылы алимент төлеп тұру керек қой. Ол енді өзіңнің балаңа кетіп жатқан қаражат. Бір себептермен төленбей қалғаны үшін осында «Қоныс» колониясына келіп жатырмын. Жұмысымыз ауқымға байланысты. Айлығымыз уақытылы аударылып тұрады. Қалғанын берешегіме жіберемін, қалғанын өзімнің бала-шағама көмектесемін.
Баратжан Ахиниязов, жазасын өтеуші:
- Жалақымыз республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан жіберіледі. 50%-ы абайсызда жасаған жол-көлік оқиғасы үшін салынған моральдік-материалдық қарыздарыма аударылады. 6 жыл жазамның бір жарым жылын өтедім. Тезірек айыппұлдардан құтылып, мерзімнен бұрын бостандыққа шыққым келеді. Ол үшін аянбай еңбек етемін.
Жалпы түзеу мекемесінде өтелмеген жазаны айыппұлға ауыстыру 4-тен 48-ге күрт өсіп отыр. Өндіріс орындарында жұмыс істейтін және тәртібі жақсы сотталғандардан келіп түскен 85 өтініштің жартысынан астамы қанағаттандырылған.
Мейрамхан Ибрашев, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Жаза өтеу орындарынан босағандар өткен жылы 35% өссе, үстіміздегі жылы 240-ы босатылып отыр. Сондықтан оларды оңалту мен қоғамға бейімдеу жұмыстары басты назарға алынды. 42 сотталған кәсіби білім алса, 50-і жаңа мамандықтар игеруде.
Аймақта жыл басынан бері бостандыққа шыққан 130 адамға әлеуметтік көмектер көрсетіліп, 21-і арнайы квота арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды.