КӨШПЕЛІ МҰРАЖАЙ КӨРМЕСІ ӨТТІ
ЗК-169/5 түзету мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарға Қызылорда облыстық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен көшпелі мұражай көрмесі өткізілді.
Көрмеде еліміздің өткен күндерінен сыр шертетін көне жәдігерлер, атап айтсақ тұрмыстық заттар, теріден жасалған бұйымдар, қазақы нақышта кестеленіп жасалған өнер туындылары мен ағаштан, аң терілерінен жасалған түрлі бұйымдар қойылды. Аталған іс-шараға Қызылорда облыстық - өлкетану музейінің қызметкерлері Н.Оспанов және С.Елібаев қатысып, көрменің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы және негізгі мақсаты мен көрменің ұйымдастырылуы жөнінде жалпы таныстырып өтті. Сондай –ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ежелгі құрал- саймандармен, кеңінен қолданыста болған ыдыс – аяқтардың жасалу жолдары мен қолдану тәсілдері, пайдалану дәуірлері жайлы кеңінен толық баяндама жасап, мол мағлұматтар берді. Ұлт құндылықтары ұлықталған салтанатты қөрмені мекемедегі 75 сотталған азаматтар асқан қызығушылықпен тамашалады.
А.БАКИРОВА,
мемлекеттік тілде іс жүргізуші
А.БАКИРОВА,
мемлекеттік тілде іс жүргізуші