СУРЕТ БАЙҚАУЫ
Байқауды Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен «Социум» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында Чернобыль, Ауғанстан және Совет армиясында қаза тапқандар жесірлерінің «Ару ана» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Қоғамдық бірлестіктің төреайымы Раушан Сарымсақованың айтынша конкурстың мақсаты еліміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын бейнелеу арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету.
Жас суретшілердің үздік жұмыстары Тасбөгет кентіндегі оқушылар үйінің фойесінде қойылған. Сурет байқауының жеңімпаздары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Фариза Омарова
Жас суретшілердің үздік жұмыстары Тасбөгет кентіндегі оқушылар үйінің фойесінде қойылған. Сурет байқауының жеңімпаздары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Фариза Омарова