НАУҚАСТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Халықаралық Қарттар күні мен Мүгедектер күніне орай «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Социум» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында жасалды.
Акцияны қарттар мен зейнет жасындағы адамдардың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында «Второе дыхание» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған. Шара онкологиялық орталықтың паллиативтік бөлімінде өтті. Онда қазір 16 науқас жатыр. Арасында облысқа қарасты аудандардан келген аз қамтылған отбасылар да бар. Олардың ешқайсысы елеусіз қалмады, ұйымдастырушылар мерекемен құттықтап, азық-түлік пен сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, қалалық туберкулезге қарсы диспансерінде жатқан қарттарды да құттықтап, ұйымдастырушылар оларға да сый-сияпатын көрсетті.
Фариза Омарова
Сондай-ақ, қалалық туберкулезге қарсы диспансерінде жатқан қарттарды да құттықтап, ұйымдастырушылар оларға да сый-сияпатын көрсетті.
Фариза Омарова