СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қаласының №2 соты сот қызметкерлерінің қатысуымен «Гибридтік электрондық пошта арқылы «Төрелік» АС-ке сотқа шақыртулар жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібінің негізгі жақтарын түсіндіріп өтті. Гибридтік пошта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.
Осы жағдайда тапсырыс беруші пошта қызметкеріне электрондық құжаттарды пайдаланушыға электрондық тасығышта берілетін немесе пайдаланушының дербес компьютеріне жіберілетін электронды хабарламаны жолдап, ол пошта мекемесінде қағаз түрінде шығарылып, конверттерге салынып алушыға шұғыл жеткізіледі.
Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің хат-хабарды жіберу шығынын азайтып, мысалға көп көлемдегі шоттар мен хабарламаларды, ал екінші жағынан пошта қызметкеріне қағаз хаттарды жеткізу бойынша қолайлы және сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік береді. Семинар барысында бағдарламадағы жаңа еңгізілімдерді және жұмыс тәртібі талқыланды.
Сот жүйесі алдында тұрған басым міндеттердің бірі сот істерін қарау кезінде жеделдікті арттыру және тараптарға уақытынша хабарлауды қамтамасыз ету болып табылатынын ескерсек, көпсалалы жөнелту жобасын енгізу жергілікті соттарға хат-хабарларды өңдеуге жұмсалатын уақытты үнемдеумен қатар, оны жөнелту процесін тездетуге де мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі