ЗАҢДЫЛЫҚТАР САҚТАЛУҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында нотариаттық палата, бағалаушылар палатасы, жылжымайтын мүлік бөлімі, адвокаттар алқасының өкілдері мен сот орындаушылар тисті салалары бойынша тұрғындарға кеңес берді.
Келушілердің мәселелері әртүрлі болды, дегенмен басты мақсат –соларды заң аясында шешу.
Қабылдауға соттық алиментті төлеу туралы шешімінің орындалмай жатқандығына және осы маселемен тікелей айналысатын сот орындаушыларының әрекетсіздігіне шағымданып, 10 жуық әйел азаматшалар келді.
Сондай-ақ, бір сағатқа жуық өткен қабылдау барысында қызылордалықтарды жылжымайтын мүлік пен жер телімдерін заңдастыру, оларға құқық алу, сот шешімдерін орындау, азаматтық алу мен онан бас тарту секілді көптеген сұрақтар қызықтырды.