ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ
2016 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалынының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік медицина қызметкері» атты сайыс өткізілді.
Сайыс 3 турдан болды:
- Үміткердің таныстыруы;
- Тестілеу өткізу;
- Тәжірибелік дағдыларын көрсету.
Қорытындылай келе ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалынының «Шиелі-Бәйгеқұм» Күре жолдық медициналық құтқару бекетінің фельдшері Ш. Асхабов 1-ші орынға ие болды. 2-ші орынды Қызылорда облысының Теміржол ауруханасының фельдшері Д. Бейсембаева ие болды. ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалынының «Әйтеке би» Күре жолдық медициналық құтқару бекетінің фельдшері Б. Ықласов 3-ші орын алды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген салтанатты іс-шара соңында сайыс жеңімпаздарына сый-сияпат пен гүл-шоқтары және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мақтау қағазы табыс етілді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қызылорда облысы бойынша филиалы