ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНА БАРДЫ
Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы бірлестігі «Екінші тыныс» егде және зейнет жасындағы белсенді адамдарға арналған әлеуметтік орталық» қоғамдық қорымен бірлесіп Қызылордада зейнеткерлерге сұлулық акциясын өткізді.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Социум» әлеуметтік маңызы бар жоба аясында ұйымдастырылды. Қоғамдық қордың директоры Сапура Сәрсенбаеваның мәлімдеуінше, акция барысында зейнеткерлер «Мадлен» және «Севара» сұлулық салонының қызметтерін пайдаланды. Сонымен қатар «Гүлнұр» салонының шебері Айдана Сырбаева мүгедек зейнеткерлердің үйлеріне барып шаштарын қырқып, шаштарын бояп, сәндеді.