«IZET» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА САУАЛНАМА ЖҮРГІЗДІ
Соңғы уақытта қоғамның жағасын ұстатқан жағдайлар көптеп кездесуде. Әр жерде жаңа туған сәбиден құтылмақ болған жағдайлар кездесіп жүргені жасырын емес. «IZET» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айжан Айтмамбетованың айтуынша, осындай жағдайлар орын алмас үшін қыздармен жас күнінен бастап жұмыс істеу керек.
- Ол үшін облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысымен жоба негізінде Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы бірлестігімен бірігіп, 16 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргізілді, - деді. – Барлығы 100 қыздан жауап алынды. Әрине сауалнама аноним түрінде алынды. Нәтижесі психолог мамандарына берілді. Енді алдағы уақытта қыздардың әр түрлі проблемасын талқылау үшін психологтың қатысуымен семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отырмыз.