ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ «ОТБАСЫ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 26 маусым 2016 жылы бекітілген бірлескен жоспары бойынша 29 қыркүйек 2016 жылы ЗК-169/5 түзеу мекемесінде 29.09.2016 жылы жаза өтеушілерге «Отбасы күніне» арналған «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараға Қызылоррда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Ж.Есмаханов, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері М.Балғараев, Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімінің өкілі Н.А.Асауленко, Қызылорда қалалық орта білім беретін кешкі мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Т.Насибековжәне жазасын өтеп жатқан тұлғалар қатысты.
Іс-шара барысында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері М.Балғараев жаза өтеушілердің құқықтарын қорғау жөнінде ақпарат, Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімінің өкілі Н.А.Асауленко«Отбасы құндылықтары» және «Отбасы және неке» тақырыбында дәріс, ал Қызылорда қалалық орта білім беретін кешкі мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Т.Насибеков «Отбасы тәрбиесі және оның сотталғанның түзелуіне ықпалы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонында күн тәртібі бойынша талқыланған мәселелер бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың
құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі