«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК СЕНБІЛІГІ» ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
15 қыркүйегі мен 15 қазан аралығында әр аптаның сенбі күндері сағат 10.00-де Қызылорда облысы бойынша тұрғын секторларда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің барлық азаматтық қорғаныс қызметкерлері жұмылдырылып тұрғын секторда «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» шарасы өткізілуде.
«Өрт қауіпсіздік сенбілігін» өткізу кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және газ қондырғысын пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша аула аралау, жиналыс, жиын және нұсқама тарату жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында барлығы 155 қызметкер жұмылдырылды, 220 көшенің 5121 тұрғын үйі араланып, 7198 тұрғынға, 7200 үнпарақ қағаздары таратылды.
Аралау барысында барлығы 155 қызметкер жұмылдырылды, 220 көшенің 5121 тұрғын үйі араланып, 7198 тұрғынға, 7200 үнпарақ қағаздары таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД