БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында «...Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар...» делінген.
2013 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі деп бекітілген. Осы орайда 27 қыркүйек 2016 жылы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында студенттермен, болашақ заңгерлермен кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 2 курс студенттері келді. Бұл кездесудің мақсаты – жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттап, келешек мамандардың тәжірибелі, сапалы қызмет атқаруы болып табылады.
Сот төрағасы С.Сүлеймен және судья А.Сабыров судья қызметі туралы, жалпы заң саласындағы еңбек жөнінде студенттермен әңгімелесіп, олардың қойылған сұрақтарына жауап беріп, сот саласында енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау, сот процесінде дыбыс, -бейнежазба құралдарын пайдалану жөнінде айтып берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі