ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, діни әдебиеттерді үш жерде таратуға жол беріледі.
Бірінші – ғибадат үйлерінде, яғни, Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар өткізуге арналған орын.
Екінші - діни білім беру ұйымдарында. Қызылорда облысында аталған ұйым жоқ.
Үшіншіден - жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайлары.
Қызылорда облыстық әкімдігінің 12.10.2012 жылғы қаулысымен 2 орын-жай бекітілген.
1.Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесіндегі №10 үйде орналасқан «Жамағат» дүкені.
2.Қызылорда қаласы, Тоқмағанбетов көшесі, №2 үйде орналасқан «Жанұя» дүкені.
Басқа орындарда діни әдебиеттерді, өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни бағыттағы бұйымдарды таратуға жол берілмейді.
Осы тектес материалдарды белгіленбеген орындарда сату немесе өзге де жолмен таратылуына жол беру әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.
2016 жылы Қызылордада діни әдебиеттерді заңсыз таратқаны үшін 2 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Олардың әрқайсысы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 100 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.
Жыл басында прокуратура органдарымен «Заңға тағзым» акциясы аясында, аймақ тұрғындарының құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарының кеңінен жүргізілуі құқықбұзушылықтың айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.
Дегенмен де, прокуратура органдары діни әдебиеттерді, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуда заңмен белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін тағы да еске салады.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі