ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЕҢБЕК КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ
Қызылорда облыстық соты «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараға отставкадағы судьялар Нүргүлсім Бесбаева, Зина Жаңбыршаева, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, Қызылорда облысы соттарының жас мемлекеттік мамандары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.
Кездесуді ашқан Салтанат Смағұлова Елбасының 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша Қазақстан күнтізбесіне қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп белгіленгенін айтып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Сонымен бірге, еңбегімен ұрпаққа үлгі болған отставкадағы судьялармен өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығына тоқталды.
Келесі кезекте баяндама жасаған облыстық соттың бас маманы Клара Ерманова еңбектің адамның өзін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын жеткізді.
Өз кезегінде сот саласының отставкадағы судьялары өздерінің 40 жылдық еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Облыстық соттың отставкадағы судьясы Нұргүлсім Бесбаева еңбек жолындағы жетістіктерге адам ең бірінші темірқазықтай мақсатымен, талапшыл арманымен жететінін айтты. Ол әрбір маман өз мамандығын сүюі керек деді.
Шара соңында университеттің «Құқықтану» факультетінің студенттері Қызылорда облыстық сотының ғимаратында орналасқан сот мұражайымен, сот тарихынан сыр шертетін құжаттар, суреттер, соттың әртүрлі республикалық спартакиадалық жарыстарда иеленген дипломдарымен медальдары және мұражайда орналасқан құнды дүниелерімен етене танысты. Студенттерге соттардың атқаратын қызметі, оларға жүктелетін міндеттері жайлы соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова түсіндірді. Сондай-ақ, ол болашақ заңгерлерге «Ұлт жоспары – 100 қадам» аясында сот саласындағы өзгерістерді, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды баяндап берді.
Сот мұражайын аралау барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алып, ұйымдастырылған іс-шараға алғысын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі