БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай, - Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып айқындалған.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әрі бизнесті қорғаудың жаңа форматы болып табылатын облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Прокурор қабинеті» ашылды.
Бүгін облыс прокуроры Х.Дәуешов кәсіпкерлерді қабылдап, олардың құқықтарының қорғалуы мәселелеріне қатысты түсіндірмелер берді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, оның ішінде тексеру кезінде бақылаушы орган тарапынан орын алатын бұзушылықтар, заңсыз әкімшілік кедергілер мен айыппұлдар салу, тиісті мемлекеттік қызметтерді ұсынбау, құқық қорғау тарапынан араласу және т.б. өзекті мәселелер айтылды.
Барлық кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, жекелеген арыз-шағымдар облыс прокурорының назарына алынды.
Кәсіпкерлерді қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қызылорда облыстық прокуракурасының баспасөз қызметі