«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНУ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан Республиксының тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тілдер мерекесі күніне орай ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлеріне Мемлекеттік тілде іс жүргізу маманы А.Бакированың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - Мемлекеттік тілді қорғау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ана тіліміздің маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және қазақ тілін білуге деген қызметкерлердің ықыласы мен қызығушылығын арттыру болып табылады.
Жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, мемлекеттік тіл туралы, тілдің мәртебесі жөнінде баяндамалар оқылды. Ана тілі туралы, ана тілінің болашағы жайлы елбасымыздың пікірі айтылған бейнебаяндар көрсетілді. «Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданысы», «Тілдің қадір- қасиеті», «Жаһанданудағы тілдің қөрінісі» мен маңызы жайлы сұрақтар қойылып, қызметкерлер пікірлерін білдіріп, көкейдегі ойларымен бөлісті.
Шара соңында тілдерді оқыту орталығынан келген тіл маманы Нұрбану Нұржауқызы және мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасыры Б.Омаров қызметкерлерді мереке күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілдің кең өркен жайуына әсерін тигізетін, осындай игі шаралардың алдағы уақыттарда да жалғасын тауып отыруына тілектестіктерін білдіріп, жоғары бағаларын берді.
А. БАКИРОВА,
мемлекеттік тілде іс жүргізіші