ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ ЖҮРГІЗДІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Б.Спанов пен Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Әлішеров екеуі бірлесіп, интерактивті сабақ жүргізді.
«Дарын» ғылыми–практикалық орталығының акт залында өткен сабаққа қалалық, аудандық және елді мекендердегі орналасқан білім беру мектептерінің қосылуымен оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру қағидалары «Баршаның назарына» құлақтандыру сигналы, «Сынап төгілген кездегі адамның іс-әрекеттері» және «Өрт қауіпсіздік қағидалары мен жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыптарында өткен интерактивті сабаққа барлығы 23 мектептің 54 мұғалімі мен 683 оқушысы қатысты. Сабақ барысында оқушылар өздерінің көкейінде толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, нәтижелі жауаптар алды.