«ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында байқау өткізілді.
Іс шараның мақсаты қазақ тілін дамыту.
Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес бес тапсырманы орындап, «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Логикалық тапсырма», «КАЗТЕСТ», «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша сыналды.
Байқау қорытындысы бойынша 1- орынды бас маман Г.Салимова, екінші орынды бас маман - сот мәжілісінің хатшысы Л.Алтынбаева, ал үшінші орынды сот приставы А.Әбдіреев иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Байқауды қорытындылай келе, кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы мемлекеттік тілді әрбір азаматтың жетік білу қажеттігін, себебі Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі– қазақ тілі мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатынын,алдағы уақытта тіл мәселесі бойынша басқа да іс шараларды жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі