ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Кеше Қарттар үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Қазыналы қарт, сырға толы шежіреміз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Шарада сөз алған ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова аға ұрпақ өкілдеріне Елбасы тарапынан жасалып жатқан қамқорлығы, мейірім-шапағаты жайлы айта келіп, жасы үлкенді сыйлау, қарттарымызды қадірлеп, құрметтеуді естен шығармауға шақырды.
Шара соңында әрбір ардагерге арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры В. Толоконников демеушілік жасап, медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сонымен бірге облыстағы этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Атқарылған іс-шараға қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.