ҰЛТ БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты «Теміржол» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Ұлт бірлігі – ел тұрақтылығы» атты әртүрлі этнос өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы партаяның ресми сайтында жазылған.
Іс-шараға бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, Саяси кеңес мүшелері, бөлімшеге қарасты өзге ұлт өкілдері қатысты. Жиын барысында техникалық кітапхана қызметкерлері «Тіл – рухани мәдинеттің негізі» атты кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынып, келген қонақтарға библиографиялық шолу жасады.
Алғаш болып сөз алған «Теміржол» бастауыш партия ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева жиылғандарды «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар елдегі бірлік пен тұрақтылық бағытында баяндамалар жасап, өзара пікір алысты. Ал, өзге ұлт өкілдерінен құралған мамандар екі тілді білуіміз сол елдің мәдениетін түсінуге ықпал ету екенін жеткізді.