СӘБИЛЕРДІ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН КҮН
Кеше облыстық зағиптар қоғамында ЗК 169/5 қылмыстық-түзету мекемесінің басшысы Талғат Хамзаев пен Қызылорда қоғамдық бақылау комиссиясының өкілі Кульбарам Ахметованың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Сәби күлкісі» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.
Ұйымдастырушылардың таратқан ойыншықтары мен мектеп құралдарына құшақтары толған қамкөңіл сәбилердің қуанышын көру бір ғанибет болды. Игі шара қонақтары жылы сөздер айтып, балалардың орындауындағы концерттік бағдарлама тамашалады.
Балаларының көңілін шаттыққа бөлеген ұйымдастырушыларға риза болған ата-аналардың өз лебіздерін жеткізді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА