ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРАЛДЫ
Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен кеңес болып өтті. Онда Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына байланысты мәселе қаралды.
Кеңеске облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарының өкілдері, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарлары, аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, аудандық, қалалық, ауылдық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ аудандардағы сарапшылары қатысты.
Облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова қазіргі таңда Қоғамдық келісім кеңестерінің елдегі қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық бірлікті сақтау, әлеуметтік түсініспеушіліктердің алдын алу және еңбек пен тұрмыстық келіспеушіліктерді тиімді шешудің тиімді тетігі екеніне тоқталып өтті.
Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Жұмабаев Қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі атқаратын жұмыстарына тоқталса, Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Қуандықов жүргізіп жатқан оң тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, Арал аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Н.Есмаханов, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тәжмаханов аталған мәселеге байланысты ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Кеңестен кейін еңбек ұжымдары мен ірі кәсіпорын өкілдеріне кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында Қоғамдық келісім кеңестерін құруға байланысты түсіндірме жасалып, практикалық және әдістемелік көмек берілді.