ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотында «Әкімшілік істер бойынша қаулылардың электрондық нұсқасын сақтандыру компанияларға электрондық түрде ұсыну» пилоттық жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, облыстық соттың бөлім басшылары, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі және сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» ашқан Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова өз сөзінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мамандандырылған әкімшілік соттарда қаралған әкімшілік істер бойынша жол-көлік апаты салдарына байланысты сақтандыру төлемдерін төлеу үшін қаулыларды сақтандыру компанияларына электронды түрде жолдау бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын айтып өтті.
Жоба бойынша сақтандыру компанияларына ұсыну үшін жол-көлік оқиғасы бойынша тараптар заңды күшіне енген қаулыны алу мақсатымен қайтадан сотқа келуінің қажеттілігі жоқ.
Іс-шара барысында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Айгүл Аблаева тақырып аясында баяндама жасады. Кеңсе меңгерушісі Айгүл Аблаева сот қаулысы заңды күшіне енген соң қаулы автоматты түрде сақтандыру компаниясына электронды түрде жолданатынын айтты. Мұны жүзеге асыру үшін әкімшілік полиция қызметкерлері хаттамада сақтандыру полисінің нөмірін және компания атын көрсету керек. Бұл азаматтардың қосымша жүктемесін қысқартады, іске қатысушылардың уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік тудырады.
Бұл жобаның толыққанды іске асуы үшін сақтандыру компаниялары «Сот кабинеті» электронды жүйесіне тіркелуі тиіс. Осыған байланысты, «дөңгелек үстелде» облыстық соттың ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміның басшысы Ш.Аманқұлов сақтандыру компанияларына «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің жұмысын таныстырды.
Өз кезегінде сақтандыру компанияларының өкілдері пилотық жоба бірлескен жұмысқа серпін беретіндігін атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі