ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ РУХАНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мейірімділік пен ізгілік мерекесі Құрбан айт. Осындай атаумен Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде рухани кеш ұйымдастырылды. Рухани кешті ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды, деп хабарлады мешіттің баспасөз қызметі.
Шараның құттықтау сөзін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров сөз сөйлеп ашты. Өз сөзінде бас имам Т.Омаров Құрбан айт мерекесінің құндылығы, ізгілік мейрамының жұртшылыққа сыйлар қуанышын айтты. Сонымен қатар, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аймақтағы діни ахуалға тоқталды. Рухани кеште көрермендер діни әндер тыңдап, тағылымды көріністер көрді.
Кеш барысында бас имам Т.Омаров аймақтағы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар имамдарды алғыс хатпен марапаттады.
Кеш барысында бас имам Т.Омаров аймақтағы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар имамдарды алғыс хатпен марапаттады.