ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «АҚМЕШІТ» КОЛЛЕДЖІНДЕ СТУДЕНТТЕР ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылордадағы көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінде Азаматтық Альянсы қауымдастығы және «Ару ана» қоғамдық бірлестігі ардагерлері мен бірінші курс студенттері арасында кездесу өткізді. Кездесу мақсаты аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты арттыру.
Жиынға «Жас отан» Жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылды. Сонымен қатар еңбек және тыл ардагері, он баланың анасы Бихадиша Есқараева жиынның басты қонағы болды.
Ол өз сөзінде әйел өмірінің жақсы жақтары мен қиын кезеңдері, соғыстан кейінгі жылдардағы елдің жағдайы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ақ жаулықты ана жастарға елдің бейбітшілігінен артық байлық жоқ екенін айтып, батасын берді. Кездесу соңы колледж студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының баспасөз қызметі