ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ
Өз балаңа үлгі бол. Осы тақырыпта өткен республикалық ата-аналар конференциясына сала министрлігінің өкілдері қатысып, маңызды мәселелер бойынша кеңес берді, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
№278 орта мектепте өткен конференция 300-ден аса ата-ананың басын қосты. Психологтар «ата-ана үлкен төзімділік танытып, бірінші сыныпқа барған балаға моральдық көмек беруі керек» деді. Оның үстіне, жаңа оқу жылының алғашқы үш аптасы ғана өтті, балабақшадан кейін мектепке бейімделу кезеңі әлі аяқталмапты.
- Бұл 1 сынып оқушыларының ата-аналарына көмек. Себебі, көп ата-ана мектепке келген балаға мұғалім мен білім ордасы жауапты деп ұғынады. Қате пікір бұл. Мектеп те, ата-ана да өздерінің жауапкершілігін бір-біріне артпауы қажет. Бала мектепке келгенде мұғалім қарауында болады, ал мектептен тыс уақытта ата-анаға аманат. Отбасында балаға сен «ақымақсың», «қолыңнан келмейді» деп айтуға болмайды. Керісінше, оларға жігер беріп, қолдап отыру керек, - дейді ҚР БҒМ Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілі Альмира Мұратбекова. - Қазір барлық баланың қолында смартфон бар. Ал оның кері әсері балалардың дамуын тежейді.