Талғат Омаров: «ҚАДІР ТҮНІН ІЗГІЛІКПЕН ӨТКІЗУ КЕРЕК»
Мың айдан да қадірлі Қадір түні қарсаңында ҚМДБ өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевпен кездесті.
Кездесуде Рамазан айында жасалып жатқан жұмыстар талқыланып, бас имам Қадір түні өткізілетін шараларды баяндады. Қадір түні – ең жақсы түн. Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай 83 жыл 4 айға тең келеді.
Бас имам журналистерге сұхбат беріп, Рамазан айында жасалып жатқан жақсы істерге тоқталды.
– Отыз күн оразада барлық басқармалар ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар беруде. Тарауих намазынан кейін тегін автобустар қызмет көрсетуде. Жамағат бұл істерге дән риза, - деді бас имам Талғат Омаров.
Бүгін – періштелердің жерге түсетін күні. Сондықтан бозарып таң атқанға дейін уақытты құр өткізбеу керек. Құлшылық жасап, дұға оқу қажет.
- Сауапты істі мешітте өткізем деген жамағатқа есік әрқашан ашық. Бұл түнді ізгілікпен өткізу керек, - дейді бас имам.
Қадір түнінде орталық мешітте діни тақырыпта түрлі викториналық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген жамағатқа бағалы сыйлық беріледі. Сондай-ақ Рамазан айы туралы үздік мақала авторлары марапатталады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі