СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы атқару құжаттарын электронды түрде жолдау кезінде туындайтын қиындықтар» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Н.Қалиев, Қызылорда облысы Әділет Департаментінің өкілі Ж.Абсат, ЗК 169/5 мекемесінің өкілі Ә.Бесбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Дөнгелек үстел барысында бас маман - сот отырысының хатшысы Г.Ахметова баяндама жасады. Ол қаралған істер бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жеке сот орындаушылардың өңірлік палаталарына орындауға жолданған атқару құжаттарының жолданып, олардан белгісіз себептермен тіркелмей қайтарылғаны туралы ақпараттар айтып, істер бойынша мысалдар келтірді.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.
Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сабыров дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, бірлесіп жұмыс жасауға, мекемелер арасында тұрақты түрде салыстырулар жүргізуді тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі