ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ІС- ШАРАЛАР ӨТТІ
Жуырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 20 бабы, 2 бөлігіне сай сотталғандарды спортқа баулу жұмыстарын жандандыру мақсатында ЗК-169/5 мекемесінде мекеменің жазғы спорт алаңында жазасын өтеуші сотталғандар арасында облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен, облыс прокурорының аға көмекшісі, аға әділет кеңесшісі М.Ибрашевтың қатысуымен мекемеде спорт түрлерінен - оның ішінде кіші футболдан, волейболдан, армреслингтен ( қол күрестен), кермеге тартылудан, гір тасын көтеруден, үстел ойындары шашка, шахматтан спорттық іс-шаралар болып өтті. Аталған іс- шараның негізгі мақсаты жаза мерзімін өтеуші сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорт түріне тарту болып табылады. Спорттық іс-шараның нәтижесі бойынша үздік нәтижеге жеткізген сотталғандарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Осындай спорттық іс-шаралар жоспар бойынша алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
А. АЛЬНАЗАРОВ,
ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие
жұмысын жүргізу бөлімінің бастығының міндетін атқарушы,
әділет капитаны
А. АЛЬНАЗАРОВ,
ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие
жұмысын жүргізу бөлімінің бастығының міндетін атқарушы,
әділет капитаны