ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІР ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 800 МЫҢҒА ЖЕТТІ
Сыр өңірінде соңғы жылдары демографиялық өсім айқын байқалады. Бүгінде облыс тұрғындарының саны 800 мыңға жетті, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық арнасы. Мамандар алдағы он жылдықта халық саны милионнан асады деп болжайды. Олай деуге негіз бар. Үстіміздегі жылдың сегіз айында аймақта он мыңнан астам сәби дүниеге келген.
Жалпы өңірде жыл басынан бері тоқсан сегіз егіз туылса, үш ана үшемді бауырына алды. Биыл туу көрсеткішінің күрт өсуі мамандарды да қуантып отыр.
- Бес-алты жылдан бері біздің облыс республика бойынша Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейін үшінші орында келе жатыр. Туу көрсеткіші азайға емес, керісінше жыл санап көбейіп келеді. Биылдың өзінде сегіз айда өткен жылмен салыстырғанда 200-ден аса босануға артық.
Алаштың анасы Сыр елі әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, қарқынды демографиялық өсімімен өзге аймақтардан да дара тұр.