ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында қызметкерлер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қорғау ұйымдастыруды жақсарту мақсатында «Қаза табу мен жарақаттанудың алдын алу мәселесі бойынша» тақырыбына семинар өткізілді.
Іс-шараға қаланың және аудан өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және топ басшылары қатысты. Облыстағы жазатайым оқиғалардың себептерін бөлісуге Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы мемлекеттік еңбек инспекторы Әбдімәлік Әйтімов қатысты. Жедел кезекшінің орынбасары азаматтық қорғау капитаны Руслан Бәйімбетов өртке қарсы қызмет саласындағы есепті кезеңің жұмыс көлемін баяндамасын оқыды. Баяндамашы білімін жетілдіруге, нұсқаулық жүргізуге, қызметкерлердің білімін тексеруге, еңбекті қорғау қауіпсіздігі ұйымдастырушылық мәселелері бойынша және жеке құрам арасында қаза табу мен жарақаттанудың алдын алу жөнінде өзінің баяндамасында қысқаша тоқталып өтті.
Әрі қарай, Әбдімәлік Әйтімов «Еңбек қауіпсіздігін қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі принциптерін, өзгерістерін мен толықтыруларын түсіндірді. Өз сөзінде, мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде адам факторының рөлін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбы көтерілді.
Семинар соңында мемлекеттік еңбек инспекторы Әбдімәлік Әйтімов өрт сөндіру қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп және кездесу үшін алғысын білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі