«ҰЛЫТАУ ЕТЕГІНДЕГІ ОЙ ТОЛҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ұлытау етегіндегі ой толғау» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға университеттің оқытушы-профессорлары мен магистранттары қатысты.
Жиында сөз алған Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген сұхбатында ел мен жер, тіл мен дін, тарих пен мәдениет, экономикалық мәселелерді тілге тиек етті. Мемлекет басшысының еліміздің ішкі татулығы жөнінде айтқан пікірлері де үлкен көрегенділік пен парасаттылықтың деңгейін білдіреді», - деді.
Конференция барысында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрхан Жәлиев Елбасының дін жайында айтқан толғанысында мұсылмандық парызды өтеудің мәні мен маңызы - ізгілік пен бірлікке үндейтіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, конференцияда «Кемел келешекке апаратын кемеңгер ой» тақырыбында университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Абайбек Жүнісов, «Еуразиялық экономикалық Одақ: тәжірибе және қажеттілік» тақырыбы бойынша университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытаудағы сұхбаты және Тәуелсіз Қазақстан тарихының кейбір мәселелері» тақырыбында Уәлихан Ибраевтар баяндама жасады.