АРАЛ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ
Қызылорда облысындағы Азаматтық Альянс Ассоциациясының «Социум» әлеуметтік жобасы аясында Арал ауданында қоғамдық тыңдау болып өтті. Қоғамдық тыңдау «кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасын механизмдерін жастарға түсіндіру» тақырыбында өрбіді. Кездесуде ҮЕҰ өкілдері мен Арал ауданының кәсіпкерлері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – бизнесті дамытуды қолдау, бизнесін жаңа қолға алған кәсіпкерлерге кеңес беру және олардың құқықтық білімін арттыру болып табылады. Ассоциацияның жетекшісі Ақтолқын Сүңгір атап өткендей, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, бағдарламаны тиімті пайдалану үшін оның алдымен механизмдерін білу керектігін атап өтті. Қоғамдық тыңдау кезінде облысымыздағы кәсіпкерлердің қандай қиыншылықтарға ұшырайтынын білдік.
Облыстық Азаматтық Альянс
Ассоциациясының баспасөз қызметі