ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН КОДЕКСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жуырда Қызылорда қаласы №2 сотының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен жаңадан қабылданған ҚР Қылмыстық, Қылмыстық атқару, Қылмыстық процестік кодекстерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев жаңа кодекстер адам құқықтарын түпкілікті қорғауды көздейтінін айтып, уақыт талабына сай өзгертілген жаңа Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің өзгешеліктеріне тоқталды.
Тақырып аясында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Қалымбетов, қалалық №2 сотының төрағасы С.Сүлеймен, судьялары К.Кусекеев пен А.Сайдуллаев баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушы құқық қорғау органдарының өкілдері кодекс бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып өзара пікір алмасып, жаңа заң нормаларын жұмыс барысында басшылыққа ала отырып, заң нормаларын құқықтық насихаттау жағына да тиісті көңіл бөлу қажет екендігі жайлы ортақ пікірге келді.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі