СОТТА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
2016 жылдың 7 қыркүйек күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарын жұмыста қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Семинар сабағында бас маман - сот отырысының хатшысы Г.Ахметова баяндама жасады. Өз баяндамасында Г.Ахметова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 6001-16-7-4/178 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыста қолдану әдістемелік ұсынымдардың жалпы және басқа да ережелерімен таныстырды.
Семинар-тренинг соңында, баяндамашы қатысушыларға сот залында бейнеконференциялық байланыс жүйесімен жұмыс жасау тәртібін көрсетіп шықты.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі