«СОТ КАБИНЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда қаласының №2 сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Д.Кузембаева, Қ.Жакупов, Ш.Сабирова, Р.Алпысбаева, К.Келімбетова және сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны ашқан кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова, баяндама жасау үшін бас маман М.Бекетоваға сөз берді. Бас маман М.Бекетова өз баяндамасында «Сот кабинетін» қолдану тәжірбиесі бойынша жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы екендігін- айтып өтті.
Сонымен қатар, электрондық құжатты беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» талап арыз, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алатынын жеткізді.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі