ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖАСАУДЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҮЙРЕТТІ
Қызылорда облысындағы Азаматтық Альянс Ассоциациясы «Социум» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында «Белсенді азаматтық қоғам-мықты Қазақстан» тақырыбында кешенді оқу жүргізді. Оқу бағдарламасы аясында аптасына бір рет ҮЕҰ жетекшілерінің қызығушылығымен әр түрлі тақырыпта оқыту семинар-тренингтері өтіп тұрады. Бұл жолы тыңдаушылар үшін «Әлеуметтік жобалардың тиімді іске асырылуы» тақырыбы сөз болды.
Кешенді оқуға алыс-жақын аудандардан да тыңдаушылар келуде. Соның ішінде «Сексеуіл жастары» ҮЕҰ Мади Құрманалиев Арал ауданы Сексеуіл ауылынан үш әріптесімен келген.
- Біздің әріптесіміз осы оқуға өткен аптада келіп кеткен болатын, - деді ол. – Оның айтуынша, ол ҮЕҰ жұмысын жүргізуде көптеген тың идеялар мен ақпараттарға қаныққан. Сондықтан әріптестерімізбен біз де қатысуды жөн санадық.
Өңірлік Азаматтық Альянс Ассоциациясының баспасөз қызметі