АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙГЕ СПОРТТЫҚ ФОРМАСЫН ТАРТУ ЕТТІ
Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінде жерлесіміз, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиковпен кездесу өтті. Шара барысында белгілі ауыр атлет жарыстан алған әсерімен бөлісіп, Риода марапаттау салтанатында киген спорттық формасын музей қорына тарту етті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысқан студенттер, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері спортшыға сұрақтар қойып, жауап алды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері музейдің құрмет кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Қызылорда облысы әлеуметтік саласының дамуы залымен танысты.