ҚЫЗЫЛОРДАДА ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД-де Отбасы күніне арналған Әке, ана және мен - спорттық іс-шарасы өткізілді. Балалар үшін қызықты сайыс шарттары дайындалды.
Әрбір бала қуаныштан ерекше сезімге бөленді және жағымды әсер алды, ал ересектер балалармен бірге спорттық сайысқа атсалысты. Отбасыға арналған спорттық жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің отбасылық командасы Қуахановтар жанұясы иеленді.
- Жаңа тәуелсіз Қазастанда жаңа мерекелер пайда болды, олардың ішіндегі көпшілігі ел арасына тез сіңіп, халыққа ұнады. Кейбір мерекелер жақын арада тойлана бастады, сондай мерекенің бірі – Отбасы күні. Отбасы күні біздің еліміздің сүйікті мерекесіне айналатынына сенімдіміз, өйткені іс-шараны өткізу отбасылық құндылықтарды сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамның үйлесімді дамуына бағытталған, - деп мерекенің қажеттілігін айрықша айтып өтті, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы подполковник Саид Молдақараев. Сонымен бірге, ұжымдастары мен іс-шараның қонақтарын ізгі ниетпен құттықтады.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы