«АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
Облыстық әділет департаментінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері департаменті «Консенсус» қоғамдық қорымен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдары, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық-қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Консенсус» қоғамдық қорының президенті Ербол Күмісхожаев өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдарының рөлі зор екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қалалық «Айтбай» мешітінің наиб-имамы Нұрлан Әбжанов «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында, ал IDEA CA (Орталық Азиядағы Халықаралық пікір сайыс оқыту ассоциациясы) Қазақстан бойынша бағдарламалық үйлестірушісі, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрестегі халықаралық тәжірибесі» тақырыбында баяндамалар жасады.
Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Қабланбек Абдраманов мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік беретіндігі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бағытындағы шараларды жүргізу барысындағы үкіметтік емес ұйымдардың, діни және этномәдени бірлестіктердің ролі зор екендігін және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін көзделген жауапкершіліктер туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына тематикалық бейнероликтер көрсетілді.