ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері №1 мамандырылған өрт сөндіру бөліміне саяхат ұйымдастырды. Іс-шараға өртке қарсы қызмет ардаргерлері және азаматтық қорғау қызметкерлерінің отбасылары шақырылды.
Қақпаның кіре-беріс аузында қонақтарға арнайы өрт жабдықтардың көрінісі ұйымдастырылды. Өрт автосаты AЛ-32, авариялық-құтқару автокөлік АСА-20, өрт автоцистерна, өрт сынақ зертханасы - шолуға автокөліктер қойылды. Саяхат барысында балаларға арналған профилактикалық танымдық белсенділігін арттыру үшін сабақ дайындалды. Жауынгерлік киімді, құтқару каскасын киген ұлдар мен қыздар өрт сөндірушінің жұмыс атмосферасына енуіне мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, өрт-құтқару спорты бойынша оқу-мұнарасының 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілу барысында спортшылардың тәжірибесі көрсетілді. Балалардың және оның барлық мүшелеріне бақыт үшін отбасы құрылады. Жұбайлар құқықтары мен міндеттерін атқарып, бір-бірімен үйлесімділікке қол жеткізуі керек.
Балаларды махаббатқа бөлеп, болашақ ұрпаққа тиісті тәрбие беруіміз керек. Бақытты отбасы - денсаулықтың кепілі және бүкіл елдің табысты болашағы. Отбасы күнін атап өту моральдік, рухани жағынан алғанда қоғамдағы отбасы ролінің маңыздылығын тану, - деді Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә.Көкеев.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі