ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып жарияланды.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Заң тобы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасы – қоғамның ұйытқысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Светлана Баймағамбетовамен Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Асия Жортбасова қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан облыс төңірегіндегі демографиялық жағдайға, некелесу және неке бұзу, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелеріне байланысты статистикалық мәліметтер келтіре отырып, тұшымды әңгіме өрбітті.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті