ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан "Жастарды жұмыспен қамту" секторы ашылды. Оның негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамту шараларын күшейтіп, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ету. Сектор меңгерушісі – орталықтың аға кеңесшісі Сәдірбек Жұмабеков.
Орталықта «Жайдарман» КТК, «Би үйірмесі», «Жас тілшілер» клубы, «Дебат» үйірмесі секілді бірнеше бағытта жастармен жұмыс жасайтын орта қалыптасқан. Жастарды тұрақты және маусымдық кезеңде жұмыспен қамтуда орталықтың ықпалы зор.
3 жыл көлемінде "Жас құрылысшылар" еңбек жасағы арқылы 32 мекемеге 900-ден астам жас жұмысқа орналасып, оның 150-ден астамы тұрақты жұмыспен қамтылды.